ШҚО-да "борышкерлерді" ұстау қайта басталды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Борышкер» жедел шарасын бастады.
Тәртіп сақшылары 1-3 желтоқсан аралығында айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді анықтайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Айыппұл өндіруге прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушылары да қатысады.
«Азаматтар әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50%-ын ғана төлеуге құқылы немесе толық соманы ерікті түрде отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс», - деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Оқи отырыңыз