Шығысқазақстандықтар "ХҚО" мобильді қосымшасы арқылы қызмет ала алады
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп "ХҚО" мобильді қосымшасын енгізді. Бұл смартфоннан бейнеқоңырау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ШҚО мамандары "ХҚО" қосымшасы арқылы клиенттерден қоңыраулар қабылдайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО-да "ХҚО" қосымшасы арқылы бір мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның 702-сі ЭЦҚ алған.
Жалпы, "ХҚО" мобильдік қосымшасы арқылы 61 кіші түрімен мемлекеттік қызметтің 25 түрін алуға мүмкіндік бар. Олардың ішінде сотталмағандығы туралы анықтама алу, зейнетақы қорынан үзінді көшірме, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, бала тууға байланысты жәрдемақы алу және басқа да мемлекеттік қызметтер кіреді.
Бейнеқоңырау арқылы кез келген мемлекеттік қызметті алу үшін биометриялық сәйкестендіруден өту керек.
"ХҚО" мобильді қосымшасын Play Market-те және App Store-да жүктеуге болады.