KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Еш өзгеріс жоқ: самарлықтар шағым айтып жатыр

Фото: SAMARnews

19.06.2023, 18:05 457 Оразай Жеңісұлы

Самар ауылының тұрғындары жарықтандыру жұмысы жолға қойылмағанын айтып, шағымданып жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары аудан орталығының кейбір көшелерінде бірде-бір шам жоқ екенін жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Самар аудан мәртебесіне қайта ие болғанда бөркін аспанға атқан жергілікті халықтың қуанышы ұзаққа созылмаған көрінеді. Тас қараңғы көшелерде қолшамсыз жүру мүмкін емес дейді аудан орталығының тұрғындары.

«Бәріміз ауыл қайта түлейді деп үміттендік. Алайда ешбір оң өзгеріс байқалмайды. Мәселен, Болғанбаев көшесі екі жылдың алдында қандай болса, қазір де сол қалпында. Төрт көше шамы да жанбайды. Басқа көшемен келіп, дәл осы көшеге түскенде, қараңғы қапасқа тап болғандай боласың. Қол шамсыз аттап басу мүмкін емес», - деп жазды ауыл тұрғындарының бірі Instagram-дағы SAMARnews парақшасында.

Тұрғын бұл мәселе туралы Самар ауылдық округінің бұрынғы әкімі А.Ф.Күдербаевқа мәлімдеген. Экс-әкім сол кезде екі көше шамы Ресейде жасалғандықтан тауар кері жөнелтілгенін, жаңа шамдар жеткізілгенде көше толық жарықтандырылатынын айтып шығарып салған. Ал округтің жаңа әкімі М.Е.Дюсупов бұл мәселені білсе де, шара қолданбай отырған көрінеді.

Ауыл тұрғынының пікірін Айжан Сүлейменова есімді желі қолданушысы да қуаттады.

«Болғанбаев көшесінің Букетовтен Октябрь көшесіне дейінгі аралығы адам шошырлық жағдайда. Ал «Шаңырақ» дүкенінен «Курмыш» дүкеніне дейінгі Астана көшесі тіпті сұмдық. Горохов көшесі туралы айтпай-ақ қояйын... жарық та, жол да жоқ», - деп жазды ол.

Желідегілер жарық пен жолдың мәселесі Шарабарин, Береговая, Глухенко көшелеріне де қатысты екенін жазып жатыр. Сондай-ақ жергілікті халық аудан орталығының қоқысқа «көміліп» жатқанына наразы.

 «Ауылға қашан тәртіп орнап, абаттандыру жұмысы жолға қойылады. Әлде тағы талай жыл күтеміз бе?» - дейді Самар тұрғындары.

Самар ауылының әкімдігіне тұрғындардың шағымы туралы хабарладық. Жауап күтудеміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив