KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өмір сүруге ең қымбат қалалар анықталды

Сурет: bookaway.com

26.06.2023, 10:09 722 Оразай Жеңісұлы

Швейцариялық Julius Baer Group банкі Global Wealth and Lifestyle Report-тің жаңа есебін жариялады.

Есепте әлемдегі өмір сүру ең қымбат қалалардың тізімі көрсетілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі 34travel.me басылымына сілтеме жасап.

Қаржы сарапшылары тауарлар себеті мен "қамсыз өмір" үшін қажетті қызметтер бағасын саралапты. Осылайша, шығыны ең көп ол азиялық мегаполис тұрғындары екен. Сингапур алғаш рет бірінші орынға шықты, екінші орында Шанхай, ал үшінші орында  Гонконг. Азия елдері төртінші жыл қатар жақсы өмір үшін ең шығынды орын болып отыр.

Ал еуропалық елдер керісінше, рейтингте төмендеген. Былтыр Лондон екінші болса, биыл төртке түсіпті. Монаконы есептемесе, Лондон алғашқы ондықтағы жалғыз еуропалық ел болып тұр.

2023 жылы өмір сүру ең қымбат қалалардың ондығы:

  • Сингапур
  • Шанхай
  • Гонконг
  • Лондон
  • ​​​​​​​Нью-Йорк
  • ​​​​​​​Монако
  • ​​​​​​​Дубай
  • ​​​​​​​Тайбэй
  • ​​​​​​​Сан-Паулу
  • ​​​​​​​Майами

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив