KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

ШҚО-ның бұрынғы әкімінің қызы субсидияны қалай алған?

Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

4.07.2023, 16:59 243 Оразай Жеңісұлы

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкім Даниал Ахметовтің қызы мемлекеттен субсидияны қалай алғаны туралы айтып берді.

Үкімет кулуарында журналистер ауыл шаруашылығы министрінен Ахметовтің қызы аграрлық фирмасы бизнесті дамытуға субсидия қалай алғанын сұрады.

"Олар өз жерлерін, малдарының бар екенін көрсетеді. Ешкім олардан "Әкең кім, шешең кім?" немесе "Өзің кімсің?" деп сұрамайды. Жүйе объективті түрде қарап, егер негіз болса, субсидияны төлейді. Егер ақша жоқ болса, күту парағына кезекке қойылады. Мен өз басым министр ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бөлмеймін: олардың әкесі кім, шешесі кім, жағдайы қандай, бай ма, кедей ме, бәрібір. Бізде заң, ереже бар. Сол арқылы субсидия алуға нақты талаптар арқылы жол беріледі. Құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз ғой", деді ауыл шаруашылығы министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив