Тұрғын үйлерді басқару мәселелері бойынша қайда жүгінуге болады?
Фото: www.azattyq.org
Мемлекет басшысының 19.04.2023 жылғы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен МИБ қызметін тоқтату туралы норма 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жойылды.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді (МИБ/ЖС) басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселелері бойынша негізгі материалдарды "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ ресми сайтынан (https://zhkh.kz/) көруге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ барлық туындаған мәселелер бойынша облыстың қалалары мен аудан әкімдіктерінің тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне жүгіне аласыз.