ШҚО-да өрт оқиғалары азайған
Фото: halyq-uni.kz
ШҚО-да өрт оқиғалары 7,2%-ға азайған.
Жыл басынан бері еліміздің 9 облысында өрт оқиғалары жиі тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
- Өрттердің саны Абай облысында 90,4%-ға, Батыс Қазақстанда -42,4%, Қостанайда - 38,5%, Жамбылда - 34,9%, Ұлытау облысында - 22,8%, Ақтөбеде - 18,4%, Қызылордада - 17%, Жетісуда - 3,7% және Алматы облысында 42%-ға өскені байқалды, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында.
Бұл ретте өрт оқиғалары Қарағанды (-18,5%), Солтүстік Қазақстан (-12,5%), Маңғыстау (-8,3%), Павлодар (-8,3%), Шығыс Қазақстан (-7,2%), Ақмола (-4,3%) облыстары мен Алматы қаласында 12,8%-ға азайған.
Оқи отырыңыз