KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
523.2 594.3 6.38

ҚР ІІМ интернет алаяқтардың портретін сипаттап берді

Фото: news.myseldon.com

24.07.2023, 18:05 253 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда интернет-алаяқтық фаткілері азайып келеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Жыл басынан елімізде 9 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Қылмыстардың төмендеу динамикасы байқалады», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

ІІМ дерегі бойынша, интернет-алаяқтық бағытында қауіп төндіретіндер – психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалған 25-45 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер.

«Олар шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері болып келеді және ТМД-да орналасқан тәуелсіз «сall-орталықтарда» жұмыс істейді. Олар «келіссөз жүргізушілер», «хакерлер» және «IT-мамандар» болып, өзара рөлдерді бөлісіп, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырады және көп жағдайда Қазақстаннан тыс жерлерде орналасады», – деді ведомство өкілі.

Осы бағыттағы күресті күшейту үшін барлық өңірде «CyberPol» бөлімшелері – арнайы топтар құрылып отыр.

«Бөлімшелер құрамына жедел уәкілдер, тергеушілер және криминалистер енді. Олар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл банк секторымен және ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Бейінді бөлімшелерді заманауи бағдарламалармен және техникамен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда. Алматы академиясында мамандарды даярлау бойынша киберорталық ашылып, онда 350 қызметкер оқытылды», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу