KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Елімізде 6 айда 100-ге жуық басшы жемқорлықпен ұсталған

Фото: azh.kz

24.07.2023, 15:25 191 Оразай Жеңісұлы

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет президентке есеп берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Антикор басшысы Асхат Жұмағалидың айтуынша, 6 айда 130 нысанға талдау және мониторинг жүргізілген. Ал жемқорлықты жоюға қатысты 1 мыңнан астам ұсыныс енгізілген.

"Сотқа дейінгі аяқталған тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 миллиард теңге өтелді. Жалпы, 1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 миллиард теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды", – делінген хабарламада.

Жыл басынан елімізде 1 мыңға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелді, 700-ден астам адам әшкереленді, оның 98-і – түрлі деңгейдегі басшылар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу