KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Шығыста нөсер жауын жауады

Фото: top-fon.com

7.08.2023, 09:10 264 Оразай Жеңісұлы

Қазгидромет мамандары күн райына болжам жасады. 7 шілдеде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Республиканың солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тіпті найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал, дауыл тұрады. Тек батыста ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде желдің соңы шаңды дауылға ұласады. Қазақстанның солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-38°С ыстық. Маңғыстау облысында 38-41°С ыстық болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақаталады, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

«Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп жазылған хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу