KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Тараптар өзара келісімге келуге жақын – Риддер

14.08.2023, 16:22 475

Риддердегі ШҚО әкімі орынбасарының қатысуымен өтіп жатқан жиын әлі де жалғасуда. Екі мектептің ата-аналар қауымы өзара келісімге келуге дайын екендіктерін көрсетті.

Дөңгелек үстел бейбіт әрі тыныш өтуде. ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов екі мектепті уақытша біріктіріп, екі ауысыммен оқуды ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

- Қазір №11 мектепте 500-ден астам оқушы бар. Ал “Шаңырақта” 550 бала білім алады. Жаңадан салынған №11 мектепте бір ауысымда 600 бала, яғни екі ауысымда 1200 бала оқи алады. Біз “Шаңырақ” мектебінің жағдайын толық зерделеп, апатты жағдайда тұрған, я тұрмағанын анықтап тексеруден өткіземіз. Оған дейін екі мектеп бір ғимаратта екі ауысыммен оқуына болады. Мектеп маңдайшасында екі мектептің де атауы ілінеді. Қазақ мектебінің оқушылары өз лицензиялары бойынша құжатын алады, – деді ол.

Дөңгелек үстел айқай-шусыз өтуде. Екі тараптың өкілдері өзара келісімге келуге жақын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу