KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Риддердегі мектеп дауы шешілді

14.08.2023, 17:50 477

Риддер қаласындағы облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов өткізген дөңгелек үстел аяқталды.

Кеншілер қаласындағы қос мектеп бір ғимаратта уақытша орналасатын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Риддердегі қазақ тілді “Шаңырақ” гимназиясының ата-аналары мектептің апатты жағдайда тұрғанын алға тартып, жаңа білім ордасын сұраған. Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға сенген №11 мектептің ата-аналары жаңа ғимараттан балаларын шығарып жібереді дегеннен қауіптенген. Осылайша, екі тараптың арасында түсініспеушілік туындап, дауға ұласқан болатын.

Риддердегі №11 мектеп пен “Шаңырақ” гимназиясының ана-аналары арасында ұйымдастырылған дөңгелек үстел бейбіт келісіммен аяқталды.

ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Бақытжанұлының қатысуымен өткен жиында екі жақтың түсініспеушілігі шешіліп, ортақ келісімге келе білді.

– Мәселені шешу үшін екі тарапты да толық тыңдадық. Сосын екі жақпен бірлесе отырып ортақ жиналыс өткіздік. Бұл өте дұрыс шешім болды. Ата-аналар түсініспеушілікті бірлесе отырып шешуге көмектесті. Нәтижесінде “Шаңырақ” гимназиясы апаттық жағдайы бойынша тексерістен өтеді. Егер тексеріс нәтижесі мектепті апатты жағдайда деп таныса, “Шаңырақтың” оқушылары №11 мектептің ғимаратына ұстаздарымен бірге ауыстырылатын болады. Екі мектептің де барлық құқықтары сақталады. Маңдайшаға №11 мектептің де, “Шаңырақ” гимназиясының да атаулары ілінеді. Аталмыш білім ордасы бір ауысымда 600 оқушыны қабылдауға қауқарлы. Бұл деген қос мектептің оқушылары екі ауысымда еш кедергісіз білім алады деген сөз, –деді Дархан Сапанов.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу