ШҚО-да Конституция күніне орай құтқарушылар марапатталды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД-да ҚР Конституциясы күні аясында салтанатты кеңес өтті.
Кеңес барысында ҚР Конституциясы күніне орай қызметтік борышын орындағаны, жанқиярлығы, батылдық танытқаны үшін ҚР ТЖМ бұйрығымен мерзімінен бұрын атақтар беріліп, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ерлігі мен адалдығы үшін ШҚО ТЖД бастығының бұйрығымен Шемонаиха қаласының №28 ӨСБ өрт сөндірушілері Талғат Хакимов пен Бекжан Сапиолданов марапатталды. Олар өрт кезінде үш тұрғынды қатты түтін басқан үйден құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторы Жандос Рахметұлы мен Өскемен қаласының тұрғыны Думанбек Рахымбаев Виноградов көшесіндегі өрт кезіндегі ерлігі үшін марапатталды. Олар өртті байқап, ойланбастан көмекке ұмтылған. Ал пәтердің есігін жалғыз отырған 8 жасар бала ашыпты. Жандос пен Думанбек өртті өз бетінше сөндіріп, одан әрі таралуына жол бермеді.