KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
503.35 590.63 6.62

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: aikyn.kz

22.09.2023, 17:03 328 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" РМК 23-25 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері кей аймақтарда күн суытып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Елдің шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, түнде таулы аймақтарда жаңбыр соңы қар аралас жаңбырға айналуы мүмкін, – дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Солтүстік, оңтүстік облыстарда және республика орталығында ауа температурасы +18+23°-қа дейін көтерілсе, республиканың шығысында ауа температурасы +7+13°-қа дейін төмендейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу