KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

ШҚО-да жолдарды қыс мезгіліне дайындап жатыр

Фото: opennews.kz

27.09.2023, 17:37 182 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жолдар мен елді мекен көшелерінің қысқы күтімі үшін қар тазалайтын 838 техника жасақталған.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қыс мезгіліне дайындап жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің кезекті отырысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Уәлиев айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Облыстық маңыздағы жол учаскелерінде климаттық ерекшеліктеріне байланысты 4 пункт орналасқан. Атап айтқанда, Тарғын, Марқакөл, Егіндібұлақ ауылдары мен Шемонаиха қаласында. Әрбір құрылым білікті қызметкерлермен, техникамен, жылы бокстармен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Барлығы қыс мезгілінде жұмыс істеуге толықтай бейімделген, - дейді Ерлан Келсінғазыұлы.

Бұл пункттерде жолаушыларға жататын орын болады, сондай-ақ жанар-жағармай, көмір, су құбыры және үш тәулікке жететін азық-түлікпен қамтылады екен.

- Қысқа дайындық жұмыстары аяасында 272 мың шаршы метр шұңқыр жөнделіп, 1,5 шақырым тасжолдар тегістеледі. Қазір көктайғаққа қарсы материалдар дайындалып, қауіпті учаскелерге жеткізіліп жатыр, - деп атап өтті басқарма басшысының міндетін атқарушы.

1 қарашадан бастап жолдардың жай-күйі, оларға жіберілген техниканың саны жайлы хабарлайтын кезекшілік қызмет ұйымдастырылып, уақытында ақпарат беріліп отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу