KZ
Өскемен
+12°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Кез келген дін өкілі заңға бағынуы керек – діни қызметкер

Тілеубек Шаяхметтің суреті

18.10.2023, 21:33 138 Ләззат Қанатқызы

Қазақ халқы егемендігін алған күннен бастап әлем елдеріне тыныштық пен бейбіт өмірдің үлгісі бола білді десек артық айтқандық емес. Осы көпұлтты мемлекетіміз үшін бүгінгі Рухани келісім күнінің маңызы зор.

Әулие Эндрю шіркеуінің діни қызметкері және Өскемен епархия басқармасының кеңсе басшысы Константин Дьяков та атаулы мереке мен еліміздегі діни бірлестіктердің рөлі жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Рухани келісім мерекесі – елімізде жаңадан пайда болған мереке емес. Менің ойымша, бұл мерекенің тарихы өте тереңде жатыр. Осы орайда тарихқа үңілер болсақ, кең-байтақ еліміз қашанда өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын болған. Бүгінге дейін бұл дәстүр қаймағын бұзған емес. Сондықтан да кез келген христиан, мұсылман және басқа да дәстүрлі дін өкілдері үшін бұл мерекенің орны бөлек. Болашақта айтулы мерекені өте кең ауқымда атап өту керек деп ойлаймын.

Тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің кез келген елінде рухани келісімсіз тыныштық орнамайды. Осы орайда, біздің дін өкілдері Қазақстан Республикасының заңын ұстанатынын және ұстану керектігін айта кеткім келеді. Заң – бәрімізге ортақ. Мемлекеттің әрбір тұрғыны, әр дін өкілі сол елдің заңнамасын қатаң ұстана білуі шарт.

Қазақстанда бізге және өзге де дін өкілдеріне барлық жағдай жасалған. Мемлекеттің тыныштығы, ұлттардың тату-тәтті өмір сүруі үшін бұл өте маңызды деп ойлаймын. Сондай-ақ республикадағы, облыстағы конфессия өкілдері бір-бірімен үнемі байланысты болуы керек. Біз оны қолдаймыз және үнемі түрлі шараларда бас қосып отырамыз. Болашақта мықты ел, мықты қоғам қалыптастыруға діннің де қосар өзіндік үлесі бар, сондықтан Ата Заңға бағыну біз үшін міндет, – деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив