KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да конфессияаралық келісімді нығайтуға үлес қосқандар марапатталды

18.10.2023, 13:30 1 292 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да бүгін Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған шаралар легі өтіп жатыр.

Жалпы, елімізде Рухани келісім күні негізгі мерекелердің біріне айналып, 30 жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Айтулы мерекеге орай облыс орталығында «Рухани татулық – баянды болашақ негізі» атты конференция өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, бүгінде өңірде 12 конфессияны білдіретін 154 діни бірлестік тіркелген.

– Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы. Оның ең басты ұстанымы – азаматтардың діни сенімін құрметтеу. Қазір рухани келісім көптеген әлем елдері үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы орайда діни бірлестіктердің рөлі ерекше екенін атап өткен жөн. Еліміз ұлттық бірлікке негізделген тұрақтылықтың үлгісін көрсетіп отыр. Біз осы құндылығымызды бағалауымыз керек, – деп атап өтті ШҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Диас Қабдолдин.

Конференция барысында өңірдегі діни бірлестік өкілдері мен дін мәселелерін зерттеу орталығы «Сүмбіл» қоғамдық қорының қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

– Барша әріптестерімді Рухани келісім күнімен құттықтаймын. Қазақстан рухани келісім мен ауызбіршіліктің нәтижесінде әлемдік аренада өзін мықты және дамыған ел ретінде көрсете білді. Оған осы республика көлеміндегі барша діни бірлестіктердің қосып жатқан үлесі зор деп айта аламыз, – деп атап өтті ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу