KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да Рухани келісім күні аталып өтті

Тілеубек Шаяхметтің суреті

18.10.2023, 11:55 1 259 Ләззат Қанатқызы

Бүгін ШҚО-да Рухани келісім күні атап өтілді. Қазіргі күні елімізде 18, ал ШҚО-да 12 конфессия өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Айтулы мерекеге орай өңірдегі діни бірлестік өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай, православие шіркеуінің діни қызметшісі архиепископ Амфилохий, евангелиялық христиан баптистерінің Шығыс Қазақстан шіркеуінің басшысы Владимир Вольф қатысты.

Дәстүрлі діни конфессия өкілдері өңірде жұмыс істеуіне ешқандай шектеу жоқтығын, барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.

– Қазір қалада 5 храм бар.  Бізге келушілер қатары аз емес. Әр демалыс күндері 500-ге жуық адам жиналады. Ал Пасха, Крещение және басқа да діни мерекелерде одан да көп тұрғын келеді. Әр келуші үшін есігіміз әрқашан ашық, – дейді евангелиялық христиан баптистерінің Шығыс Қазақстандағы шіркеуінің басшысы Владимир Вольф.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев еліміз рухани бірліктің бірегей орталығы екенін атап өтті. Сондай-ақ барлық конфессия өкілдерімен кездесуге және өзекті мәселелерді талқылауға үнемі дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ аймақ басшысының айтуынша, өскемендік тұрғындардың өтінішімен Жамбыл саябағы ауданында жаңа мешіт салу жоспарланып отырған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу