Катонқарағай ауылындағы полиция бөлімшесі жөнделіп жатыр
Катонқарағай ауданында 50 жылдай жөндеу көрмеген полиция бөлімінің ғимаратына республикалық резерв есебінен күрделі жөндеу басталды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Катонқарағай ауылының орталығында орналасқан полиция бөлімшесінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазіргі уақытта полиция бөлімі Ұлттық парктің ғимаратында отыр. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде», - деп хабарлады Катонқарайғай аудандық әкімдігінде.
Жөндеу жұмыстарын «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС жүргізуде. Жобаның сапасы бойынша авторлық жағдайын «QAZSAURAN» ЖШС, техникалық жағдайын «BEXИ» ЖШС қадағалауда.
Ақерке Рағызбаева
Оқи отырыңыз