KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, СШ
523.54 546.47 4.99

NASA ғалымдары Плутон серігінен көмірқышқыл газын тапты

Фото: depositphotos.com

7.10.2024, 20:00 142 Ержан Әбіш

NASA ғалымдары Плутонның ең үлкен серігі Харонның бетінде көмірқышқыл газы мен сутегінің тотығы барын анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл жаңалықты мамандар Джеймс Уэбб атындағы телескоптың көмегімен анықтаған. Ғалымдардың пікірінше, Харондағы сутегі тотығы радиацияның су молекулаларына әсерінен пайда болуы мүмкін. Ал көмірқышқыл газы метеориттердің құлауынан пайда болса керек.

Плутонның массасы Айдан алты есе аз. Атмосферасы 20 қабаттан тұрады. Яғни жердікінен де көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу