KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Пойыздағы шекаралық бақылау: маңызды ережелер

Бүгін, 19:00 0 Төлеуғазы Жансая

Теміржол арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде жолаушылар шекаралық және кедендік бақылауға дайын болуы қажет. «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі жолаушыларға ескерту ретінде негізгі ережелерді еске салады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Теміржол көлігінде мемлекеттік бақылауды арнайы мамандандырылған органдар жүзеге асырады.
- Бақылау осы қызметкерлердің станцияларға немесе белгіленген орындарға кіру сәтінен басталып, өткізу пунктіне немесе шекараға дейін жалғасады.
- Құжаттарды тексеру шетелге бағытталған пойыз вагондарының ішінде өтеді. Жолаушылар өз орындарында отырып, құжаттарын дайын ұстауы тиіс.
- Тексеру кезінде дәретханалар мен мейрамхана вагондары жабылады, жолаушыларға орнынан тұрып, жүруге тыйым салынады.
- Кеден қызметкерлері сапардың мақсаты, оралу мерзімі және шетелде болу орны туралы сұрақтар қоюы мүмкін.
- Жолаушылар нақты әрі толық жауап беруі тиіс.
- Қол жүгін және, қажет болған жағдайда, ақылы багажды тексеру жүргізіледі.
- Егер жүкке қатысты болса, кедендік декларация толтырылуы мүмкін.

«Кедендік бақылау кезінде барлық қажетті дерек тексеріледі, бірақ қызметкерлер пойыздың қозғалысын кідіртуге жол бермеу үшін процесті барынша жеделдетуге тырысады», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

2024 жылдың басынан бері ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен мемлекетаралық қатынаста 673 мыңнан астам жолаушы тасымалданған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив