Өскемен қаласының тұрғыны қостұтас жолақтың бойымен серуендеген
Фото: depositphotos.com
Тәртіп бұзушы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Алайда, заң бұзушылықты байқаған қала тұрғындары бұл әрекетті бейжай қалдырмады. Оның жарияланымын бірнеше желі қолданушылары құқық қорғау органдары жедел ден қою үшін ШҚО Полиция департаментінің insta парақшасына direct-ке жолдаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кадрларда іс-әрекетімен өзінің де, өзгенің де өмірін қауіп-қатерге тігетінін түсінбей, ережені өрескел бұзған әйел адамның жол ортасында қоссызықты жолақ бойымен жүріп бара жатқаны көрінген.
Полицейлер жол жүрісі қағидасын бұзған Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны мен оның операторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады және бір қарағанда қатты маңызы жоқ болып көрінген бұзушылықтардың өзі ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.