KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
486.44 534.31 5.06

АЭС туралы референдумның түпкілікті нәтижесі жарияланды

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 17:00 0 Ержан Әбіш

Орталық референдум комиссиясы аумақтық референдум комиссияларының хаттамалары негізінде 2024 жылғы 6 қазанда өткен республикалық референдумның түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Inform.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Кеше 7 қазанда референдум комиссиясының брифингінде референдумның алдын ала нәтижесі жария етілген еді.

«Референдумға қатысу құқығы бар ҚР азаматтарының жалпы саны – 12 млн 284 487 адамды құрады. Олардың 63,66 пайызы немесе 7 820 204 дауыс беруге қатысты. Осылайша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысты. Осылайша, республикалық референдум туралы Конституциялық заң нормаларына сәйкес, референдум өткізілді деп саналады», - деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы немесе 5 561 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қолдады.

Ал қарсы дауыс бергендер саны – 2 045 271 адамды құрады.

«Жарамсыз деп танылған бюллетендер саны – 130 267. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыс санау кезінде есепке алынбайтын бюллетендер саны – 82 729 бюллетенді құрады. Осылайша, Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналады», - деді Н. Әбдіров.

Еске салайық, 6 қазан күні қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив