KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да притон ұйымдастырған тұрғын ұсталды

Фото: polisia.kz

1.11.2023, 09:55 149 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында притон ұйымдастырған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Интимдік қызмет көрсететін бойжеткендер ұйымдастырушыға түскен соманың 50 пайызын беріп отырған. Жедел-іздестіру іс шараларын өткізу барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырған және ұстаған деген күдікпен Өскемен қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстаған.

"Оның тыйым салынған электрон сайтта қыздардың ер адамдарға интимдік қызмет көрсету туралы сауалнамалар орналастырғаны анықталды. Ол барлық тапсырыстарды өзі қабылдаған, клиенттерді жалдамалы пәтерлердегі бос қыздарға жіберген", - делінген хабарламада.

Қыздар әр мәміледен кейін түскен ақшаның 50 пайызын беріп отырған. ШҚО ПД ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив