KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Қарлы боран, көктайғақ... Шығыста ертең күн райы қандай?

сурет ашық дереккөзден алынды

2.11.2023, 15:14 181 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидрометтің» өңірлік филиалы 3 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын мол түсетінін мәлімдеді.

Оған қоса бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 25 м/с-ға жетеді. Облыс орталығында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Күн райы бұзылатындық жол нашарлайды. Құтқарушылар  алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Ал шығу қажет болса, көлікті тексеріп алған жөн және жолда жылдамдық режимін сақтау керек.

«Жел күшейетіндіктен билборд, аялдама, ағаш, электр желілері және металл қоршаулардың артына тығылмаңыз. Көлікті де қауіпсіз жерге қойыңыз», - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Көлік жолының ашық-жабықтығы туралы деректі «Дәрмен» қосымшасынан көруге болады. Төтенше жағдай кезінде «112»-ге хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив