KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жаңа көліктерді сынақтан өткізетін орталық құрылады

шартты сурет

8.11.2023, 22:52 280 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда құрастырылатын және импортталатын автомобильдерді сертификаттау үшін толыққанды сынақ орталығын құру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың  Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform-ға асілтеме жасап.

"Қазақстандық кәсіпорындар еуропалық сертификаттау орталықтарымен бірлесіп, Қазақстанда құрастырылатын және импортталатын автомобильдерді сертификаттау үшін толыққанды сынақ орталығын құру мәселесін қарастырып жатыр. Сынақ орталығын құру көлік құралдарын сертификаттау, жол-полигон, климаттық, стендтік және басқа да зертханалық сынақтарды жүзеге асыруды көздейді", - деді Роман Скляр жауабында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы жобаны қаржыландыру мәселелері пысықталып жатыр.

"Сондай-ақ мораторийді енгізу бойынша қабылданған іс-шаралар шетелдік өндірушілердің дайын автокөлік құралдары мен машина жиынтықтарын Қазақстан нарығына жеткізуді үздіксіз жүзеге асыруға мүмкіндік бергенін және көлік құралдарының тапшылығының туындау мүмкіндігін жоққа шығарғанын атап өтеміз. Осылайша, шұғыл және жедел қызметтерді шақыру жүйесімен жабдықтау бойынша мораторийдің қолданылуын тоқтату жөнсіз деп санаймыз", - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив