KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Полиция департаментіндегі мұражай қалпына келтірілді – ШҚО

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

10.11.2023, 22:47 176 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков және ардагерлер мен қонақтар Департаменттің қалпына келтірілген мұражайынды салтанатты түрде ашты.

Мұражайдың енді тек көрме ретінде ғана емес, полиция қызметкерлері, мектеп оқушылары мен студенттерге арналған оқу-насихат сыныбы ретінде де жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мұражайға 500-ге жуық жәдігер, 121 түпнұсқа артефакт қойылған.

- Кез келген мұражайдың қызметі экспонатқа негізделген. Бұл ішкі істер органдары туралы тарихи білімді насихаттау, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелерінде және облысымыздың қызметкерлеріне адамгершілік тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Ел тарихына қатысты фотосуреттер мен ардагерлеріміздің естеліктері мұражайды рухани жағынан толтырып, арнасын кеңейтеді, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Сондай-ақ мұражайдың қару-жарақ топтамасы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі «МП-40 Шмейссер» автоматының макетімен,  Ұлы Отан соғысының, ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Құрмат Рахимовтың  жеке фотоаппаратымен толықтырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив