2024 жылы кімдердің жалақысы өседі?
2024 жылы қай санаттағы жұмысшылардың жалақысын және қаншаға арттыру жоспарланған?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еңбек заңнамасына сәйкес министрлік қызметшілерге еңбекақы төлеуді реттейді. Олардың еңбегіне ақы төлеу жүйесі мемлекеттік органдар мен қазыналық кәсіпорындардың барлық қызметкерлеріне бірдей.
"Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық міндеттеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарының (педагогтерді, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды", - делінген жауапта.