KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қыркүйектен бастап дәрігерлердің жалақысы өседі

Фото: kaz.nur.kz

14.07.2023, 17:14 338 Ләззат Қанатқызы

Елімізде қыркүйектен бастап мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың медициналық қызметкерлерінің жалақысы артады.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың лауазымдық еңбекақысына түзету коэффициенттері көтеріледі. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жоба үкіметтің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысына өзгеріс енгізуді көздейді.

1 қыркүйектен бюджеттік ұйымдардың дәрігерлерінің еңбекақысына түзету коэффициенті 2,73-тен 3,42-ге дейін, орта деңгейдегі медқызметкерлерде 2,05-тен 2,34-ке дейін өседі.

2023-2025 жылдарда мемлекеттік бюджеттен 22 мың қызметкер үшін 36,11 млрд теңге қажет:

2023 жылы – 5 млрд теңге,

2024 жылы – 15 млрд теңге,

2025 жылы – 15,7 теңге шамасында.

Қаулы 28 шілдеге дейін қоғам талқысында болмақ.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив