KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да тұман түсіп, жел соғады

Фото: gismeteo

22.11.2023, 19:07 115

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 23 қарашада түнгі уақытта облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. 
Осы ретте ТЖ қызметі облыс тұрғындарын өте мұқият болуға шақырады. Мүмкіндігінше, елді мекендердің аумағынан шықпаңыз. Егер шығу қажет болса, автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты нақтылап алу қажет. Көліктің дөңгелектері жол төсемінің жағдайына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз, жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз. Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін тиісті шаралар қабылдауы керек.
Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасынан алуға болады. 
Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив