KZ
Өскемен
-25°
переменная облачность жел 1 м/с, В
504.6 594.27 6.48

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі арнайы сараптамалық кеңесте қаралды - ШҚО

22.11.2023, 22:32 158 Ләззат Қанатқызы

Облыс прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Кеңес барысында қолайсыз ауа райының егін жинау кезеңіне әсері мен өңірдегі аграрларды қолдау шаралары талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, шілде айынын бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, инвестициялық жобаларды қолдап, құқықтық көмек көрсетуге баса назар аударылған болатын. Инвестицияларды тарту және халықаралық инвесторлармен ұзақ мерзімді серіктестік орнату - Қазақстан үкіметінің тұрақты басымдықтарының бірі. Осы мақсатта облыстық прокуратура алаңында фронт-офис өз жұмысын бастады. Онда кәсіпкерлер мен инвесторларды толғандырған мәселе жедел түрде шешіледі.

- Фронт-офис KAZAKH INVEST пен өңірлік кәсіпкерлер паоатасы, жергілікті атқарушы органдардың тығыз байланысы нәтижесінде құрылыды. Өзара жүргәзілген жұмыстардың нәтижесі де бар, - деп атап өтті өңірдің бас прокуроры Алмат Байшолақов.

Бүгінгі таңда жалпыұлттық пулға енгізілген 33 жоба бар. Жұмыс басталғаннан бері жеке кейстер орнатылып, өз шешімін тапқан.

- "Тұрғұсын-2" ЖШС инвесторларында ГЭС салу жөніндегі жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік қордан жер шығару бөлігінде мәселелер туындады. Оны шешу үшін Орман кодексіне өзгерістер енгізугк тура келді. Біз бірден бас прокуратураға қызметтік хат жолдадық. Ол қаралып, ұсынылған түзетулер заң жобасына енгізілді, бүгінде ол ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында, - дейді бас прокурор.

Сараптамалық кеңестің кезекті отырысының қолайсыз ауа райының диқаншыларға кері әсер етуі де сөз болды.

- Күн райының салдары қатты әсер етті. Осы орайда біздің басты міндетіміз - табиғи салдарды азайта отырып, келесі жылға сапалы тұқым қорын қамтамасыз ету. Аталған мақсатта республикалық деңгейде де қолдау шаралары көрсетілуде, - дейді ШҚО Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Жандос Қоңыров.

Атап айтқанда:

  • ҚР Энергетика министрлігінің келісімімен астықты кептіру үшін дизель отынының қосымша көлемін бөлу.
  • Айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды қайтару мерзімдері ұзартылды.
  • Субсидияларды төлеу бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындау үшін шаралар қабылданып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу