Орман өртін алдын алудың жаңа тәсілі енгізілуі мүмкін - ШҚО
ШҚО-да орман өртінің алдын алу үшін цифрлық технологиялар енгізілуі мүмкін.
Уфа қаласында өтіп жатқан "Келешек бизнес көзімен" халықаралық бизнес апталығы аясында шығысқазақстандық мамандар Башқұртстан Республикасының басқару орталығына барып, орман өрттерінің бейнемониторингі жүйесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Орман күзетшісі" электронды мониторингінің арқылы арнайы жүйесі ірі орман өрттерінің ғана емес, орман аймағындағы шағын өрт ошақтарының да алдын алуға болады. Мұндай бейнебақылау жүйесі Башқұртстан Республикасының алты ауданының аумағында жұмыс істейтін көрінеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасының басшысы Серікхан Нұртазиннің айтуынша, бейнебақылау жүйесі белгілі бір уақыт ішінде қашықтан, автоматты режимде өртті ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Бейнекамерадан алынған ақпарат картада көрсетіліп, тиісті қызметтер үшін өрт ошағының орналасқан жерін есептеуді қамтамасыз етеді. Оқиға орнына қажетті күштер мен құралдар дереу жіберіледі.