Өскемен мен Риддерде «НМУ» жарияланды
Бүгін ШҚО-ның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Өскемен мен Риддер қалаларында бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ (НМУ) туралы ескерту сақталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).