KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Шығысқазақстандық сарбаздар Ақтауға аттанды

Анель Абзалбекованың суреті

7.04.2023, 10:35 293 Ләззат Қанатқызы

ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жалғасып жатыр. Өскемен гарнизонында мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны 1 наурыздан басталды.

Өскеменнен әскерге аттанатын жігіттер Отан алдындағы борышын түрлі күштік құрылымдарда өтейді. Азаматтарды әскерге шақыру талабына сәйкес, жергілікті әскери басқару органдарына іріктеу жұмыстарын жүргізу жүктелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Бүгін Отан алдындағы борышын өтеуге келген жігіттерді арнайы комиссия тексереді. Соның нәтижесіне қарай олар әскерге жіберіледі. Барлығы 700-ге жуық азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Бүгінгі күннің өзінде 5 команда шақырылды. 10 сәуірге дейін аттанатын 2 команда бар. Олардың барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткен, – деді ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Қайырбек Қайырқанов.

Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде теңіз жаяу әскері сапында Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздар үшін «Әскерге шақырылушылар күні» аясында құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт өтті. Шарада Қазақстан Қарулы күштерінің аға буын өкілдері жастардың әскери қызметтегі алғашқы қадамымен құттықтап, ақ баталарын берсе, соңында болашақ сарбаз сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.

 

Отан алдындағы парызын өтеуге аттанған болашақ сарбаздар ел жастарын әскери міндетті өтеуге шақыруда.

– Мен – өз елімнің патриотымын. Туған жерімді қорғап, Отан алдындағы әскери борышымды өтеу үшін әскерге өз еркіммен кетіп барамын, – деді әскерге шақырылушы Иван Соснин.

Тексеру комиссиясынан сүрінбей өткен жастар үшін Металлургтер мәдениет сарайында мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары қатысып, сәт-сапар тіледі.

3 күн уақыт мерзімінде медициналық комиссияның бақылауынан өтетін болашақ сарбаздар тиісті әскери бөлімдерге бөлінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив