Қазақстанда рейске құжатсыз отырғызу енгізілмек
Фото: www.biletik.aero
Қазақстан әуежайларында халықаралық рейстерге контактісіз қатынауды енгізуді жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
ICAO TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум барысында ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев жақын арада жолаушыларға тіркеу пункті мен шекаралық бақылауға барудың қажеті болмайтынын айтты. Жолаушыға электрон құжаттары мен биометриялық деректерін сканерден өткізетін арнайы аркадан өту жеткілікті.
Вице-министрдің айтуынша, Астана әуежайында ішкі рейстер үшін дәл осындай сәйкестендіру жүйесі қазірдің өзінде жұмыс істейді.
- Мұндай жүйені іске қосу үшін заңнамамен сәйкестендіру қажет, яғни, бірінші кезекте биометриялық деректер базасына қол жеткізу, шекара қызметі, кеден қызметі және әуе компаниялары бар жүйелерді біріктіру керек. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізінде, елдің әуежайларында ішкі рейстер үшін тіркеуден және кедендік бақылаудан өтпей-ақ отырғызуға болады. Қазір біз цифрлық құжаттарды пайдалана отырып, жеке куәліксіз тіркеліп, санитарлық аймаққа бара алатындай жұмыс істеп жатырмыз. Ал халықаралық рейстерге келетін болсақ, бұл жүйелерді заңнамалық интеграциялау қажет, - деді Ластаев.
Вице-министрдің айтуынша, оптимистік бағалауға сәйкес, алдағы жылдан бастап Қазақстанның ірі әуежайларында халықаралық рейстерге контактісіз қатынау енгізілуі мүмкін. Мысалы, Астана әуежайының осындай жоспары бар, ол жақында Абу-Даби әуежайында осындай тәжірибесі бар компанияның бақылауына алынды.
- Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әуежайлардың стандарттарына сәйкес, олар әр рейске отырғызу рәсіміне шамамен үш секунд жұмсайды. Сіз кассаға барасыз, төлқұжатыңызды тіркейсіз, одан деректер оқылады, сонымен бірге камера сіздің жеке басыңызды анықтайды және сіз тыныш қана санитарлық шығу аймағына барасыз, - деп қосты вице-министр.