KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Пойыз билеттері келер жылы ЖСН арқылы сатылады

8.11.2018, 12:00 129

Қазақстанда пойыздың билеттері жеке сәйкестендіру нөмірі (ИИН) арқылы сатылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ даму бойынша вице-президенті Данияр Нұрмағанбетов мәлімдеді.


ЖСН арқылы билет сату алыпсатарлармен күресу үшін қажет екен. Яғни, билет жолаушының аты-жөні бойынша емес, ЖСН арқылы ғана сатылады. Осыған орай арнайы база құрылмақ. Ал алыпсатарлар ойдан құрастырылған есімдермен билеттерді сатып алып, екі есе қымбат бағаға жолаушыларға қайта сататын көрінеді.


Аталмыш өзгеріс 2019 жылдың бірінші жартысында енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив