KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
524.02 545.19 5.09

Өскеменнің қай аудандарында мұз айдыны ашылады?

фото: kz.kursiv.media

14.12.2023, 10:50 152 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қатты аязы тоңдырғанымен қыстың да өз қызығы бар. Аяққа шаңғы байлағандар тауға бетбұрса, коньки тебем дегендер мұз айдынына асығады.

Жылдағыдай биыл да қаланың бірнеше ауданында мұз айдыны жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің мәліметі бойынша, қалада бірнеше үлкен мұз айдындары болады.

Сіз келесі жерлерде коньки тебе аласыз:

Сол жағалау паркі (қ. Сәтпаев даңғылы, 79а). Жоспарланған ашылу күні – 16 желтоқсан. Конькиді жалға алу құны-сағатына 1500-2000 теңге;

"Алтай" стадионы (А. Чехов көшесі, 70а). Жоспарланған ашылу күні – 16 желтоқсан. Жалға алу құны – 1000 теңге;

"Титан" стадионы (Жаңа Согра, Б.Шаяхметов көшесі,15б). Жоспарланған ашылу күні-16 желтоқсан. Жалға алу құны – 1000 теңге;

Комсомол аралы. Жоспарланған ашылу күні – 16 желтоқсан. Жалға алу құны – 700 теңге;

Комендант. Жоспарланған ашылу күні – 16 желтоқсан. Жалға алу құны – 700 теңге.

Сонымен қатар, шаңғышылар Комсомол аралында, Аблакеткада және «Самал» саябағында қысқы спорттың қызығын көре алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу