KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Шығыстың алтын бұйымдарын Анкара жұрты тамашалады

Фото: Тілеубек Шаяхмет

19.12.2023, 10:06 128 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысынан табылған алтын бұйымдарды соңғы кездері әлем жұртшылығы қызыға тамашалауда. Бұған дейін әлемнің бірнеше елінде көрсетілген «Ұлы Дала Алтыны» көрмесі бұл жолы Түркия жұртының назарына ұсынылды.

Алтын бұйымдардан жасақталған «Ұлы дала алтыны» көрмесі Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің, Түркі тарихы және мәдениеті қорының ұйымдастыруымен еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында жұртшылық назарына ұсынылған, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Іс-шараға Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Гөкхан Йазгы, Түркиядағы өзге мемлекеттердің Елшілері мен дипломаттары, Түркияның зиялы қауым өкілдері, академиктер мен тарихшылар қатысқан. Шара барысында осы көрменің көптеген экспонаттарын тапқан атақты археолог Зайнолла Самашевтің түрік тіліндегі «Көне түрік бейнелеу өнері» кітабының тұсаукесері өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив