KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстан халқының саны қашан 27,5 миллион адамға жетеді?

фото: ortcom.kz

29.12.2023, 11:33 122 Оразай Жеңісұлы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сарапшылары 2050 жылға дейінгі демографиялық болжамды дайындады, Altaynews.kz сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтына Болжам шеңберінде 2050 жылға қарай еңбекке қабілетті жастан кіші және одан жоғары жастағы халықтың жылдам өсуі есебінен еңбекке қабілетті жастағы халықтың үлесі (59 пайыздан 57 пайызға дейін) аздап төмендейтіні атап өтілді.

Бұл ретте еңбекке қабілетті халықтың саны 2050 жылға қарай 33 пайызға ұлғайып, 15,68 миллионға жетеді. Еңбекке қабілетті жастан кіші халық 36 пайызға, 8,18 миллионға дейін, ал еңбекке қабілетті жастан асқан халық 68 пайызға, 3,7 миллионға дейін өседі.

Жалпы, 2050 жылға қарай республика халқы шамамен 27,5 миллион адам болады деп күтіледі, олардың үштен екісі мегаполистер мен оңтүстік өңірлерде тұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу