KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан халқының саны қашан 20 миллион болады?

28.05.2019, 07:05 162

Еңбек министрі Бердібек Сапарбаевтың жобалауынша, 2025 жылы Қазақстан халқының саны 19 миллион 800 мың болады екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме беріп.

Елімізде жыл сайын 200 мың адам декреттік демалысқа, 100 мың адам зейнетке шығады екен. Ал 180 мың жас қолына диплом алады.

– Еңбек нарығында көптеген өзгеріс пен жұмысшылар ауысымы болады. Жастарға арналған жұмыс орындары көбейеді. 2025 жылға қарай еңбек күші 9 миллион 800 мың адамға дейін артады, – дейді Б.Сапарбаев.

Еңбек ресурстарын жобалаушы мамандар осы жылдың аяғына дейін сұранысқа ие мамандықтарды үшдеңгейлі әдістеме арқылы анықтайды. Бірінші – демографиялық өсім (2050 жылға дейін), екінші – макроэкономикалық (2025 жылға дейін), үшінші – қысқамерзімге (2 жылға) жобалау әдістемесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу