ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі тағы ұзарды
фото: mail.kz
Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау мерзімі тағы да ұзаратын болды, деп хабарлайды Altyanews.kz тілшісі.
Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, талапкерлердің өтініші 11 қаңтарға дейін қабылданады. Сондай-ақ орталықтағы мамандар бүгін қаңтар айындағы ҰБТ-ға қосымша орындар ашылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін өтініштерді қабылдау мерзімі 9 қаңтарға дейін ұзартылған еді.
Оқи отырыңыз