KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, З
506.7 593.14 6.53

ҰБТ-ға өтініш беру мерзімі ұзартылды

Фото: kazaknews.kz

6.01.2024, 11:08 825 Ләззат Қанатқызы

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш беру мерзімі 9 қаңтарға дейін ұзартылды.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ақпарат парақшада дүйсенбі күні жарияланады, - делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен оқуды сұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу