Шығыста жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады
фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысында ертең жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өңірдегі синоптиктердің ақпараты бойынша, оңтүстік-шығыста және орталықта орналасқан аудандарда жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел тұрып, екіпіні секундына 25 метрге жетеді.
ШҚО ТЖД ескертеді:
елді мекеннен шықпаңыз;
жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз;
жаяу жүргінші болсаңыз, құлап қалудан сақтаныңыз, асықпаңыз;
жел күшейген кезінде электр сымдары мен тербелетін заттарға жақындамаңыз;
автобус аялдамалары мен ағаштарды тасаламаңыз;
төтенше жағдай кезінде «101» немесе «112»-ге қоңырау шалыңыз.