KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Алтай қаласында уақыт белдеуін ауыстыру бойынша кездесу өтті

24.01.2024, 14:43 151 Ынтымақ Толқын

Уақыт белдеуінің ауысуына Алтай қаласының тұрғындары қарсы емес.

Уақыт белдеуінің ауысуы бойынша сарапшы мамандар Алтай қаласының тұрғындарымен кездесіп, сағат белдеуін ауыстырудың пайдасын ғылыми тұрғыдан түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Еліміздегі уақыт белдеуін ауыстыру бойынша тиісті мамандар ШҚО-ға келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

-    ШҚО-ға келудегі басты мақсатымыз өңірдегі азаматтарға уақыт белдеуін өзгертудің пайдасын түсіндіру. Кездесулер барысында денсаулыққа, экономикаға байланысты көптеген сұрақтар туындады. Әрине, балрығы орынды. Бүкіл сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап бердік. Түсіндіру жұмыстарын ары қарай да жалғастырамыз, -дейді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов.

Сарапшылардың пікірінше ел тұрғындарының көпшілігі уақытты өзгерту тек оң әсерін беретінін әлі толық түсінбеген. 

-    Уақытты бір сағатқа кері жылжыту арқылы біз балалардың таң алдындағы тез ұйқы фазасын қалыпқа келтіреміз. Бұл мидағы ақпараттың өңделіп, креативті ойлар туып, есте сақтау қабілеті артатын уақыт. Мысалы, Өскемендегі балалар таңғы сағат 8-де мектепке барса, шын мәнінде олар 7- де сабақта отыр деген сөз. Мектептегі алғашқы сабақта оқушылардың шаршаңқы отыратыны да сондықтан. ШҚО-дағы күннің шығуы мен бату уақыттарын талдап көрдік. Қазір адамдар кеш ұйықтап, белгіленген уақыттан бұрын тұрады. Ал бұл организм үшін зиянды және еңбек тиімділігіне әсер етеді, -дейді қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрқожаев.

Кездесу барысында айтылған ғылыми дәлелдерден кейін Алтай қаласының тұрғындарының да пікірі өзгерген.

-    Сағаттық белдеулер туралы кездесуден өзіміз білмеген мәліметтерді алдық. Адам денесіндегі биологиялық сағаттың қаншалықты маңызды екенін енді біліп жатырмын. Өз басым уақыт белдеуін ауыстыруды қолдаймын, деді қала тұрғыны Гүлжазия Рамазанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив