KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО-ға 40 кадет тағылымдамадан өтуге келді

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

29.01.2024, 22:49 68

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінің 40кадеті отыз күндік әскери тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама барысында болашақ кәсіпқой сержанттар әскери колледжде алған теориялық, практикалық дағдылары мен шеберліктерін пысықтайтын болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қарулы күштердегі шынайы қызметке дайындалады. Сондай-ақ, бөлімшелерді басқарудағы лауазымдық міндеттерін атқарудың қыр-сырын меңгереді. Кадеттер 1 ай көлемінде мотоатқыштар батальонында бөлімше командирі ретінде біліктіліктерін арттырады.

-  Бір ай ішінде олар күнделікті және оқу-жауынгерлік қызмет процесінде жеке құрамды басқарудың негіздерін игеруі керек. Кадеттер тағылымдама барысында бағыныстыларды өз бетінше басқаруға, жауынгерлік даярлық, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану бойынша сабақтар өткізуге тәжірибе алады. Сондай-ақ көшбасшылық және командирлік қабілеттерін жетілдіреді, -  деді бөлім сержанты Қуат Қасымов.

Кадет өзінің көшбасшылық қасиеті мен сеніп тапсырылған бөлімшемен жұмыс істеу әдістемесін пысықтай отырып, командалық-әдістемелік дағдысын шыңдайды. Ал олардың іс-қимылын рота сержанттары мен взвод командирлері қадағалайды. Аға әріптестері мен тәлімгерлері ретінде олардың мықты және осал тұстарын айқындай отырып, консультативті және әдістемелік көмек көрсетеді.

- Біз осы уақытқа дейін алған теориялық білімімізді практика жүзінде қолданып көрудеміз. Әскери қызметкер болу оңай емес, тағылымдамадан өту бірінші кезекте бұл жауапкершілікті сезіну мүмкіндігін береді. Басқару және ұйымдастыру қабілеттерін ашуға көмектеседі. Жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу кезінде командирлік қабілеттерд ашыға ықпал етеді, - дейді Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің кадеті Диас Бейсенгалиев.

Болашақ сержанттың командалық машықтарын бекіту үшін тағылымдама барысында 27943 әскери бөлімінде кадеттің көшбасшылық қасиетін жетілдіруге бағытталған шаралар іске асырылады. Оның қатарында бөлімшелердің жауынгерлік атыс дайындығы бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив