KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Вел Баркер кубогы Бақтияр Артаевқа қайтарылады

Фото: halyq-uni.kz

8.02.2024, 16:00 366 Оразай Жеңісұлы

Бақтияр Артаевқа Вел Баркер кубогы қайта табысталады. Дәл қазір кубоктың дубликаты дайындалып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еске салайық, 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында даңқты спортшы бағалы жүлдесін ресми түрде Халықаралық бокс федерациясына табыстаған. Сол кезде федерация өкілдері кубоктың сапалы көшірмесі жасалатынын, содан кейін спортшыға қайтарылатынын айтқан.

 Вел Баркер кубогы 1936 жылдан бері Олимпиададағы ең үздік боксшыға табысталып келеді. Яғни төрт жыл сайын қолдан қолға өтіп отырады. Төрт жыл сайын кубоктың жиегіне жаңа есім жазылады.

Дәл осындай бағалы жүлде төртжылдықтың басты спорттық додасында көк байрақты аспандатқан отандасымыздың қолында біржола қалатын болды.

«Халықаралық бокс федерациясы неліктен дәл Бақтияр Артаевтың жүлдесін музейге алды? Сөйтсем, иә, сыйлық, расымен де, 1936 жылдан бері беріліп келеді. Бірақ, 2004 жылы ол қолдан қолға өту функциясын тоқтатқан. Яғни, одан кейінгі жазғы ойындарда жаңа кубок дайындалып, ең үздік боксшыға табысталатын болды. Ал, 90 жылға жуық тарихы бар негізгі кубок Бақтияр Артаевтың еншісінде қалды. Міне, осындай қызықты жағдай. Тарих қой», - деп жазды белгілі спорт сарапшысы Аслан Қаженов.

Наурызда елорда төрінде Бақтияр Артаев жүлдесіне арналған халықаралық бокс турнирі өтеді. Халықаралық бокс федерациясы осы доданың ашылу рәсімінде кубокты ресми түрде отандасымызға табыстауды жоспарлап отырған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив