KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

Өскемен әкімі мердігер компанияның жұмысын сынға алды

17.02.2024, 19:00 539 Назерке Каримова

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар облыс орталығындағы Шнайдер көпірін жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер компанияның жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы қараша айында Шағын айналма жол аймағындағы Шнайдер көлік көпірінің тірегінен ақау шығып, көлік қозғалысы тоқтатылған еді. Тиісті сараптама жасаған мамандар көпірдің төрт тірегі де апатты жағдайда тұрғанын анықтаған.

Сол себепті қала резервінен қаражат бөлініп, мердігер компания – «LLC ASIA» ЖШС жөндеу жұмыстарына кіріскен еді. Одан бері де шамамен екі жарым ай өтті.

Алайда бүгінгі тексерістен кейін шаһар басшысы көпірді қалпына келтіру жұмыстарының баяу жүріп жатқанына қатаң сын айтты.

– Бұл жолдың ашылуын Гавань, Мыза көшесінің тұрғындары мен ҮМЗ-ге жұмысқа баратындар асыға күтіп жүр. Жоспар бойынша жұмыстар биылғы сәуірде аяқталуға тиіс. Қазірге дейін 330 млн теңге бөлінді. Бірақ тексеріспен бірнеше рет келгенде байқағаным – арнайы техника мен жұмыскерлердің аздығы. Айналдырған бес адам бұл маңызды нысанды уақытында аяқтай алмайды. Тиісті қаражат бөлінді, енді оны сапалы игеру керек. Жұмысты жандандыруға бір апта уақыт беремін. Нәтиже болмаса, келісімшартты бұзып, басқа мердігер тағайындауға мәжбүр боламыз, – деп ескертті Жақсылық Омар.


                                                                               Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу