Оқуға екі апта қалғанда мектепте жөндеу басталды – Өскемен
Облыс орталығындағы №12 мектеп-гимназиясында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жұмыс барысын қала әкімі Жақсылық Омар бақылап көрді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мердігер ұйым қазір ғимараттың төбесін жөндеп жатыр, бірінші қыркүйекке дейін жұмысты аяқтауға міндетті.
Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар оқу орнының әкімшілігіне жөндеу барысын жіті бақылауды тапсырды.
– 30 тамызда жөндеу жұмыстары толық аяқталуы тиіс. Күн райын сылтау етпеңіздер. Бұл өте жақсы мектеп. Мектеп директоры күн сайын құрылысшылардың жұмысын тексеріп, қандай да бір кемшілік болса, маған хабар береді, – деді қала башысы мердігерлерге.