KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 4 м/с, В
511.92 588.91 6.44

Уақыт белдеуінің өзгеруі: eGov жұмысында қандай ақау болуы мүмкін?

фото: liter.kz

27.02.2024, 18:00 182 Оразай Жеңісұлы

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қазақстандықтарға eGov жұмысында ақаулар болуы мүмкін екені туралы ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

"Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

  • eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
  • egov mobile мобильді қосымшасы;
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • "e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі;
  • және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу