KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Техбайқаудың бірыңғай операторы белгіленді

26.08.2019, 19:28 208

Қазақстанда техбайқаудың бірыңғай операторы белгіленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Үкімет автокөліктерді  міндетті техникалық байқаудан өткізудің бірыңғай ақпараттық жүйесі операторын белгіледі.

Сәйкес қаулыға 22 тамызда ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қол қойды. Бұл қаулы «Әділет» АҚЖ сайтында жарияланып отыр.

«“Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамын механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің бірыңғай ақпараттық жүйесі операторы ретінде белгілеу», — деп көрсетілген құжатта.

Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енгізілген. Айта кетсек, техбайқау процедурасы автокөлік иелері үшін өзгеріссіз қалады. Бұл жаңалықтар аталмыщ салада тәртіп орнату үшін қажет екен.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу